Мәселе

Сенатор Қызылорда өңіріндегі қуаңшылық мәселесін көтерді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының су тапшылығын көріп отырғанын жеткізді.

 

Туған жерім Сыр бойы екінші жыл су тапшылығына ұшырап отыр. Сырдария өзенінің деңгейі тобыққа дейін төмен түсті. Айрықша қуаңшылық, табиғи шөптің курап қалуы, көлдердің тартылуы мал басының өліміне алып келуде. Бұндай жағдай Түркістан облысының кейбір аудандарында да болып жатыр - деп жазды Сенатор өз парақшасында.

 
Ол Үкімет кеш болса да біршама әрекет жасап жатқанын, бірақ бұл мәселе Орта Азия мемлекеттерінің басшылары бас қосып, саяси шешім қабылдамайынша шешілмейтінін айтты.

 

Ірі сарапшы ғалымдардың пікіріне сүйенсек, 2040 жылы Сырдария өзенінің бастауы - Тяньшань мұздақтарының көлемі үш есеге дейін азаяды, демек су көлемі де сол шамаға кемиді. Оның үстіне сол кезге қарай Орта Азиядағы бес елдің халық саны тоқсан миллионға жетеді деген болжам бар. Су тұтыну бірнеше есе өседі, яғни бұл су алтыннан да қымбат болады деген сөз - деді ол.

 
Сондай-ақ Сенатор бұл тығырықтан шығу үшін не істеу керек екенін де айтты.

 

Біріншіден, суды көп керек ететін дақылдарды барынша азайту керек және олар пайдаланатын судың тарифын бірнеше есе көтерген дұрыс. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары суды көп қажет етпейтін бау-бақша, жем-шөп өнімдерімен өңірлерді қамтамассыз етуге толық мүмкіндіктері бар. Сондықтан да Үкімет су үнемдейтін ең озық технологияны толыққанды енгізуге мүдделілік танытып, мұны тікелей субсидиялау арқылы қолдауы қажет. Екіншіден, Арал теңізінің қасіреті бір Қазақстанның ғана емес, бүкіл Евразиялық құрылыққа ортақ мәселе. Кеңестік кезеңде Обь, Енисей өзендерінің суларын Аралға бұру туралы мәселе бірнеше рет қозғалған болатын. Бірақ Кеңес одағы тарағаннан кейін бұл жоба жабылып қалды. Қанша саяси шешім қабылдау керек екендігіне, қаншалықты қымбат тұратынына қарамастан бұл мәселе қайтадан көтеріліп күн тәртібінен түспеу керек деп есептеймін. Аралдан айырылсақ онда оның экологиялық зардабы барлығынан да қымбат болатыны сөзсіз - деді Сенатор.


 

BAQ.KZ




Көрілген: 853    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 23:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31