Мәселе

Сенатта жерге қатысты жаңа түзетулер қабылданды

  • https://ult.kz/

    https://ult.kz/

Бұдан былай ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторий 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылатын болды, жерді жалға алуға Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің қатысы жоқ заңды тұлғалар ғана мүмкіндік алатын болды, ал ауыл шаруашылығы жерлерін қосалқы жалға беруге тыйым салынады.

 

Сенаторлар бүгін Жер комиссиясы қызметінің нәтижелері бойынша әзірленген осындай заң қабылдады.

 

Осы заңда сонымен қатар конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері жазылған. Енді тым үлкен учаскелерді конкурсқа шығаруға тыйым салынады.

 

Ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурстар туралы айта кеткен жөн. Оған қатысқан кезде ауылда кемінде 5 жыл тұрған ауыл тұрғындары артықшылыққа ие болады, оларға байқаудағы жеңіске әсер ететін қосымша ұпай есептелетін болады.

 

Заңның тағы бір ережесі жайылым тапшы болған ауыл тұрғындарының проблемаларын шешуі тиіс.

 

Сенаторлар бекіткен құжатта жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарда көрсетілген және жеке ауладағы малды жаюға қажетті жайылымдарды жеке меншікке беруге және жерді пайдалануға тыйым салу туралы жазылған.

 

«Бұл заңда жердi қорғауға, оны ұтымды және мақсатты пайдалануға арналған жаңа нормалар қарастырылған. Соған сәйкес Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру жөнінде Жер кодексіндегі нормалардың қолданылуына мораторий ұзартылады. Құжатқа жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелерін реттейтін, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа нормалар да енгізілді. Оның бәрі еліміздің ұлттық мүддесіне толығымен сәйкес келеді», - деп атап өтті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31