Шахтадағы жарылысқа жұмыс беруші кінәлі

23 қараша 2022, 16:41

Бұл туралы журналистермен өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, сол күні кен арасына жиналып тұрған метан газы кенеттен таралған. Осы кезде бұрғылау қондырғысы темірге тиіп, ұшқын пайда болады. Қатты жарылыстан  5 адам көз жұмып, 4 адам ауыр жарақат алды.

 

Өкінішке қарай, метан газының концентрациясын бақылап, белгі беретін арнайы құрылғы алыста орналасыпты. Ал оның жұмысын жалпы шахтадағы қауіпсіздікті қадағалайтын мамандар жетіспейді екен.

 

Инженерлік құрам толық емес, көпшілігін қысқартып жіберген. Мысалы, 25 адам болу керек болса, қазір бар болғаны 13 инженер жұмыс істеп жүр.

 

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

 

- Үкіметтік комиссия өз жұмысын аяқтады. Шахтадағы апатқа 26 адам айыпталып отыр. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар да бар. Компанияның бас директоры Биджу Наир мен көмір департаментінің директоры Джелсон Батиста. Қазір барлық құжаттар құзырлы органдарға тапсырылды. Қылмыстық жауапқа тартыла ма, айыппұл төлей ма, оны сот шешеді.