Мәселе

Шахтинскте мұғалім балаларды ақымақ маймылдар деп қорлаған

  • Шахтинскте мұғалім балаларды ақымақ маймылдар деп қорлаған

    Шахтинскте мұғалім балаларды ақымақ маймылдар деп қорлаған

Шахтинск қаласындағы №6 орта мектептің мұғалімі балаларды ақымақ маймыл деп атаған. Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желілерге таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудиожазбада мұғалімнің оқушылардан мектеп дәлізінде тек маска тағып жүруін талап еткенін және карантин режимін бұзған балалардың ата-анасына айыппұл салынатынын айтып қорқытқаны естіледі.

"Егер тағы бір рет біреуіңді, дәлізде маска тақпай жүрген бір маймылды көрсем, оның анасы немесе әкесі осында тұрып, айыппұл толтырады. Мұндай ақымақ маймылдардың кесірінен сыныптар топ-тобымен карантинге жабылады. Екі күнде екі сынып карантинге жабылды. Мен сендер сияқты маймылдарға масканың не екенін, дәлізде неліктен маска тағып жүру керек екенін, кімдер тәуекел тобына кіретінін түсіндіруге міндеттімін. Ал егер сендер мұны түсінбейтін ақымақ болсаңдар, онда ата-анаң келіп, ақ бетке қара қаламмен жазып берсін: менің ұлым немесе қызым ақымақ, түсінбейді. Онымен қоса мен де", - дейді мұғалім балаларға.
 
Аудиожазба оқушылардың ата-анасы тіркелген чаттарда таралып, резонанс туғызған. Олар білім бөліміне шағымданып, жазбаны жергілікті әкімдіктің Telegram-арнасына жіберген. Ата-ана балалар мұндай қорлау сөздерді жиі еститінін айтып шағымданатынын жазған.

Шахтинск қаласының білім бөлімі мән-жайды түсіндірді. Департамент ертең Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы болатынын, онда бұл мәселе қаралатынын айтты.

"Қарағанды облысының Білім басқармасы Шахтинск қаласындағы мұғалімнің мінез-құлқына құқықтық баға беретінін қосымша хабарлаймыз", - деп толықтырды ведомство өкілі.




Көрілген: 964    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 10:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31