Мәселе

Шамалған бекетінде апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрайды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Күйеуімнің кінәсі жоқ! Шамалған бекетінде жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісінің жары араша сұрады.

Лейла Жарылғасованың сөзінше, сот марқұм күйеуін шойын жол бойындағы қайғылы оқиғаға тікелей кінәлі деп тауып, істі жаппақ.

Лейла Жарылғасова, марқұм Н. Сорокубаның әйелі:

- Біз өттік, жасыл жанып тұрды. Диспетчер ешқандай шара қолданбады. «Қазақстан темір жолы» осы қойған адамына, қойған адамның жауапкершілігін өз мойына алсын. Мүгедек адамды қойған. Неліктен олар мүгедек адамды мұндай жауапты жұмысқа қойғанын түсіндірсін.

Лейла Жарылғасованың сөзінше, қазір темір жол компаниясының өкілі бүкіл айыпты автобус жүргізушісі Нұрғали Сорокубаға аударып, өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетпек. Оған қоса ұлттық компания диспетчердің 3-ші топтағы мүгедек екенін жасырып отыр екен. Куәлік етуге келгенде, екі сөздің басын құрай алмағанын көрдім дейді ол.

Төрт баламен жесір қалған келіншектің уайымы көбейген. Үлкені биыл мектеп бітірсе, кенжесі 4 жаста.

Бірер күн бұрын тергеуші марқұм күйеуіне қатысты істің жабылатынын айтқалы ұйқысынан айырылған. «Қаншама адамның өмірін сақтап қалған кісіні айыптау – күлкілі» деп есептейді жары. Жығылғанға жұдырық. Қазір Лейла төркінін жағалап жүр.

Шамалған бекетіндегі жол апатынан соң күйеуінің туыстары оның өліміне әйелін кінәлап, келіншектен теріс айналыпты.

15 қыркүйекте Шамалған бекетінде қоғамдық көлікті пойыз соғып, 20 метрге дейін сүйреп әкеткен болатын. Үш адам жараланып, автобус жүргізушісі сол жерде жантәсілім етті.

Ал тергеу ісіне қатысты көліктегі полиция департаментінің берген жауабы мынандай.

Ләззат Қасымжанова, ҚР IIM Көлiктегi полиция департаментiнiң баспасөз хатшысы:

- 15 қыркүйекте аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 2 тармағы және 344-бабының 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тезргеу амалдары басталған. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жалғасуда.

 ktk.kz




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30