Мәселе

Шамалғандағы апат: Анасы мен қос қыздың денсаулығы белгілі болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысының Шамалған стансасында пойыз бен автобустың соқтығысуынан ауыр жағдайда ауруханаға түскен үш адамның беті бері қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«5 жасар баланың жағдайы ауыр. Дегенмен, күннен-күнге динамикасы жақсарып келеді, сөйлей алады, тамақ ішеді. 3 жастағы екінші қыз – комада. Дегенмен, жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Қазір өздігінен дем алады. №7 қалалық клиникалық ауруханада қос қыздың анасына ота жасалды. Жағдайы орташа, операция сәтті өтті, динамикасы жақсарды», - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.


Еске салайық, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасындағы теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Олар – анасы мен 5 және 3 жастағы балалар.


22 қыркүйек күні сәбилердің бірі ес жиғанын жазған болатынбыз.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға салдарынан зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.


 




Көрілген: 936    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 20:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31