Мәселе

Шардарада қорықшыларды ұрып кеткен 6 браконьер ұсталды

  • Шардарада қорықшыларды ұрып кеткен 6 браконьер ұсталды

    Шардарада қорықшыларды ұрып кеткен 6 браконьер ұсталды

Қорықшылардың бірі басынан ауыр жарақат алған.

Түркістан облысының полицейлері қорықшыларға қарсылық көрсетіп, оларды ұрып-соққан 6 браконьерді ұстады деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жетісай АПБ-ның кезекші бөліміне Жетісай аудандық ауруханасынан дене жарақаты бар ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына шұғыл Жетісай полициясының жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты.

Тексеру барысында Шардара су қоймасында балық аулаумен айналысқан браконьерлерді ұстау кезінде жеке қорықшылық қызметінде жұмыс істейтін қызметкердің бірі дене жарақатын алғаны анықталды.

«Оқиға Шардарада болғандықтан, аталған жайт Шардара АПБ-нің СДТБТ-ға тіркеуге алынды. Екі тәулік бойы аудандық полицияның жедел тобы браконьерлердің жеке басын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде полицейлер қорықшыларға қарсылық көрсетуге қатысы бар деген күдікпен көрші Мақтаарал ауданынан 120 шақырым жерден 6 жергілікті тұрғынды ұстады», - деп хабарлады Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31