Мәселе

Шарын шатқалындағы сел: құтқарылған қыз оқиғаның мән-жайын айтты

  • Шарын шатқалындағы сел: құтқарылған қыз оқиғаның мән-жайын айтты

    Шарын шатқалындағы сел: құтқарылған қыз оқиғаның мән-жайын айтты

Шарын шатқалында құтқарылған 11 жастағы оқушы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ қызды құтқару сәтінің видеосын жариялады. Ол қалай жартасқа өрмелеп шығып, көмек күткенін айтып берді.

"Жаңбыр басталғанда бәріміз тасаға жасырындық. Кейін жаңбыр қатты құйды. Біз бір тастан ұстанып тұрдық, ал тас бізді көтермей бөлініп кетті. Қолымды жіберіп, жай жатым", - деді құтқарылған мектеп оқушысы.
Қыздан "сені ағын су алып кетті ме?" деп сұрағанда:

"Солай сияқты, қалай болғанын бімеймін. Көзімді қатты жұмып алдым. Кейін қолыма ілінген тастың бір жағын ұстап, үстіне көтерілдім. Сол жерден жартасқа өрмелеп шықтым, алдымен қолымнан түк келмеді. Бірақ кейін шықтым", - деді қыз.

Бұған дейін Қазақстан ТЖМ Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың табылғанын хабарлаған болатын.

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның №199 мектептің оқушысы мен мұғалімі екені анықталды.




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.05.2021, 15:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31