Мәселе

Шарын шатқалындағы трагедия: ТЖ министрлігі сел туралы неге ескертпеді

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Шарын шатқалында екі адамның өліміне әкеп соққан жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Шарын шатқалы мен оның ойпаттары сел қаупі бар аумаққа жатпайтынын түсінуіміз керек. Бұл күндері "Қазгидрометтен" Алматы мен Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне қандай да бір сел тасқыны туралы дабылды ескерту келіп түскен жоқ", - деді Сыздықов баспасөз мәслихатында.

 

Ол шатқалда сел емес, нөсер жауын салдарынан су мен балшық ағыны түзілгенін түсіндірді.

 

Сондай-ақ Сыздықов куәгерлердің ұялы байланыс ұстамағандықтан құтқарушыларға хабар бере алмағаны туралы ақпаратына түсініктеме берді.

 

"Иә, бізде таулы жерде ұялы байланыс бүкіл жерде ұстамайды. Туристерді міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес, бұл жағын туроператор ойластыруы керек еді", - деді ол.

 

БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, экскурсия ұйымдастырумен "Раджаби" ЖШС туристік агенттігі айналысқан.

 

Шарындағы қайғылы оқиға

 

29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.

 

 

Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. 30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды.

 

 

 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 17:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31