Мәселе

Шет елден бақыт табуға бола ма?

  • Шет елден бақыт табуға бола ма?

    Шет елден бақыт табуға бола ма?

Соңғы жылдарда қазақстандықтардың, оның ішінде жастардың шет елдерге кетуі көбейіп барады. Олардың бәрі дамыған шет елдерде өмір деңгейі бізге қарағанда жоғары және аз уақытта мол ақша табуға болады деген үмітпен осындай қадамға баратыны анық.  Қазақта «пәлен жерде алтын бар дейді, барсаң бақыр да жоқ» деген нақыл бар. Яғни, шет елге барып өз бақытымызды табамыз деу де сол әлдекімдердің сөзіне сеніп, күмәнді қадамға бару деген сөз.

Шет елге барып келгендер не дейді

Бір таныс жігіт бірнеше жыл көрінбей кеткен, содан өткен жылы көшеде кездесіп қалып, хал-жайын сұрадым. Ол Оңтүстік Кореяға барып, сонда үш жылдай жұмыс істепті. Нақты мамандығы болмағандықтан, түрлі қара жұмыстар атқарған. Бізге қарағанда жалақысы біршама жоғары, бірақ  пәтер жалдауға, жолақысына, тамаққа, киімге, т.б. шығындарға кететін ақшаны  алып тастағанда қалтаңда таза қалатыны оншалықты көп емес дейді ол. Әлгі жігіт үш жылдан кейін аздап ақша жинап, елге қайта оралады. Ол телекомпанияда оператор болып істейтін. Бұрынғы жұмысына қайта орналаса алмаған. Енді күзет мекемесінде істеп жүр. Шетелден тапқан ақшасына автоөклік сатып алыпты. Бар олжасы &ndash сол.

Тағы бір жігіт Германияға кетіп, біраз жыл сонда жұмыс істеді. Рас, табысы жаман болмапты.  Бізбен салыстырғанда олардың өмір сүру деңгейі де жоғары дейді. Бірақ та, ол күреп ақша тауып, бақуатты болып кете алмаған. Ел қатарлы орташа тірлік кешіпті. Ауа райы, адамдармен қатынас, қоршаған орта ұнамай, бірнеше жылдан соң елге қайтқан. Қазір ол мемлекеттік мекемеде қызмет етеді.

Шет елге барып, судай батып, тастай сіңіп кетіп жатқандар да аз емес. Десе де, солармен сөйлесіп, жағдайларын сұрай қалсаң, алып бара жатқан  ештеңелерінің жоқтығын байқайсың. Пәтер жалдап тұрады, автокөліктері бар, жалақылары бізге қарағанда біраз жоғары. Бірақ та, ол елдегі халықтың менталитеті басқа болғандықтан, жаңа ортаға үйренісіп кету де оңай тимейді екен.

Бұдан не ұғынуға болады?  Шет елге барсақ бірден жалақысы мол жұмысқа оналасып, күреп табыс тауып, молшылыққа кенелемін деу ақымақшылықтан басқа түк емес. Таяқтың екі ұшының болатыны сияқты, шет елге барып жұмыс істеудің жағымды жақтарымен қоса, жаман жақтары да баршылық. Оны сол елдерге барып келіп жатқандардан естіп, біліп жүрміз. Яғни, бақытты шет елден табамын деу  әсіре сөз, қиял ғана.

Алыстан арбалағанша&hellip

Қазақта «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген мақал бар. Шет елге барып бақыт іздегенше, сол бақытты өз елімізден де табуға мүмкіндік жеткілікті. Тек сол мүмкіндіктерді көріп, дұрыс пайдалана білу қажет. Ол үшін жұрт қалай өмір сүріп жатыр, солар сияқты өмір сүремін деп емес, өз жолыңды, өмірден лайықты өз орныңды табуға ұмтылу қажет.

Мәселен, инетрнеттің дамуымен соңғы жылдарда интернет арқылы келіп жатқан түрлі бизнестер көбейді. Шет елдік компаниялар өз бизнестерін басқа елдерге интернет арқылы таратуға мүдделі. Міне, сондай компаниялардың біріне кіріп, өзіңіз тұратын қаладан, не елді мекеннен әлгі компанияның өкілдігін ашуға болады. Бұл жақсы табыс әкелетін тиімді шаруа.

Одан қалды, интернеттен ақша табуға мүмкіндік беретін интернет маркетолог, смм менеджер, интернет бағдарламалар жасаушы, фрилансер сияқты мамандықтар алуға болады. Мұндай мамандықтарды оқытатын ақылы курстар интернетте өте көп. Сондай жоғары сұранысқа ие мамандықтың бірін игерсеңіз, табысы жоғары жұмыс табудың еш қиындығы болмайды.

Қазір миллиондаған теңге беріп, жоғары оқу орындарында оқығанша, әлгіндей интернет курстардан білім алған әлдеқайда тиімді. Ондай мамандақтар барлық жерде сұранысқа ие және жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Ал  қаптап кеткен университеттер мен колледжден алған мамандық бойынша жұмыс табу оңай емес және ондай жұмыстың жалақысы да мардымсыз.

akikat01.com




Көрілген: 1431    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 01:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31