Мәселе

Шетелде салдырған вакцина Қазақстанда қабылдана ма?

  • Шетелде салдырған вакцина Қазақстанда қабылдана ма?

    Шетелде салдырған вакцина Қазақстанда қабылдана ма?

Өмірзақованың айтуынша, вакцина егудің екінші кезеңінен бастап Қазақстанда өндірілген ресейлік вакцина қолданылады. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі шетелде коронавирусқа қарсы салдырған вакцинаның Қазақстанда жарамды болатынын айтты. Мұндай жағдайда вакцина салдырғаны туралы анықтама болуы қажет, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Егер азаматтың коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы құжат түріндегі анықтамасы болса, әрине ол қабылданады. Мұндай жағдайда оның Pfizer немесе басқа вакцина екені маңызды емес", &ndash деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсия Рүстемова.
Айтуынша, елордада вакцина егудің үшінші аптасы аяқталды. Қала бойынша тиісті контингент ішінде 1 980 адам вакцина алды. Олардың арасында вакцинадан кейін асқынулар анықталмаған.

Вакцина егудің екінші кезеңі қашан басталады
Вакцинаның екінші компонентін егу 22 ақпанда жалғасын табады.

"Вакцинаның келесі жеткізілімі ақпанның соңына жоспарланған. Вакцинаның жаңа партиясы келген уақытта медицина қызметкерлерін егуді жалғастырамыз. Сондай-ақ, педагогтар, күштік құрылым қызметкерлері, созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салынады", &ndash деді Нұр-Сұлтан қаласы алғашқы медициналық санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова.

Оның түсіндіруінше, вакцина егудің екінші кезеңінен бастап Қазақстанда өндірілген ресейлік вакцина қолданылады.

"Ресейлік вакцинамен қатар Қазақстанда өндірілген вакцина бірге қолданылады. Қазір ресейлік вакцина Қазақстанда өндіріледі. Екінші кезеңде қазақстандық вакцина бойынша ем-шара өткіземіз", &ndash деді Өмірзақова.

Кімдерге вакцина салынбайды
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға вакцина салынбайды.




Көрілген: 1735    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 13:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30