Мәселе

Шетелде тікелей эфирде өз-өзін асқан шымкенттікке қатысты жаңа деректер шықты

  • Шетелде тікелей эфирде өз-өзін асқан  шымкенттікке қатысты жаңа деректер шықты

    Шетелде тікелей эфирде өз-өзін асқан шымкенттікке қатысты жаңа деректер шықты

Жігіт жақында ғана сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған. Ол Ресейде жүрген кезде үнемі әпкесіне хабарласып, жағдайын айтып отырыпты.

Ресейде шымкенттік жігіт Ирфан Ахмеджановтың өліміне байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт әлеуметтік желіде тікелей эфирде асылып өлді деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиғаны жігіттің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандары көріп отырған. Полицияға тура осы жағдай туралы алғаш мәлімет берген де солар. Жігіттің туысқандары оны мұндай қадамға не итергенін түсінбей отыр.

Жақындарының сөзінше, Ирфан әрқашан ашық, ақкөңіл, жайдары болған. Достары оны «Гуф» деп атайтын. Ол диджей болып жұмыс істеп, әртүрлі шаралар жүргізген.


Туыстарының айтуынша, жақында ғана ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасапты. Содан кейін Мәскеуге барып, ақша табуға кеткен.


Оның Ресейге кететінін жақындары кететін күні білген.


Марқұмның әпкесі Дания Коковина, Ирфан оған хабарлама арқылы тағылымдамадан өткенін, жұмыс беруші оның тұратын жерінің ақшасын, тәуліктік ақша төлейтінін жазған. Ол үнемі Даниямен сөйлесіп отырған.


Әпкесінің сөзінше, қайғылы оқиғадан бұрын бауыры жағдайы жақсы екенін айтқан. Бірақ әлеуметтік желідегі парақшасында ол «Гуфтың өлімі» трегін жүктеген.


Ол кезде бұл жайтқа ешкім мән бермеген.


«Маған соңғы SMS пен суретті жіберген кезде кешкі 19:20 болатын. Маған кейін хабарласатынын жазды. Содан кейін байланысқа шықпады», — деді Дания.


Әпкесімен сөйлескеннен кейін 20 минут өткен соң қазақстандық жігіт тікелей эфирге шыққан. Жігіт орындыққа шығып, мойнына жіпті таққан. Сосын өзін көріп отырғандарға қол бұлғап, өліп кеткен.


Қасым Ахмеджановқа қаралы хабарды қызы жеткізген. Жігіттің туысқандары ресейлік тергеушіге барлық қажетті құжаттарды берді.


Қазіргі таңда шымкенттік жігіттің өлер алдындағы хат қалдырған-қалдырмағаны белгісіз. Болған жағдайдың мән-жайын тергеушілер марқұмның туыстары Новый Уренгойға барғанда ғана айтады. Бірақ отбасының Ресейге баратын жағдайы жоқ.


СІМ қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәйітті туған қаласына жеткізуге және құжаттарды рәсімдеуге көмектесетіндерін мәлімдеді.


 




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30