Мәселе

Шетелге қашқан ломбард құрылтайшысы мәлімдеме жасады (видео)

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Әлеуметтік желіде өзін "Гарант 24" ломбардының құрылтайшысы ретінде таныстырған жігіттің елден қашып кету себебін түсіндірген видеосы кең тарап жатыр. Ол абақтыға қамалудан қорқып, қашып кеткенін жеткізді.

 

Ер адамның видеосы әлеуметтік желі мен мессенджерлерде кеңінен тарап жатыр.

 

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Өзін ломбард желілерінің құрылтайшысы ретінде таныстырған жігіт жанжалдың ортасында қалғанын, елге қайтуға қорқып отырғанын айтты.

 

"Менің өз адамдарым бар, әрине, органдарда, одан жоғарыда отырғандар да бар. Егер мені қамаса, мен сіздерге ақшаны қайтара алмаймын. Қамап қою қорқынышты емес, сіздерге ақшаны қайтармау одан да қорқынышты. Егер мен қашқым келсе, алдыңғы видеоны түсірмеген болар едім. Мен үнемі сіздермен байланысты болдым, қалаларға да бардым. Менің әріптестерім – жалдамалы қызметкерлер, олар да ақша тапқысы келді. Егер оларды түрмеге қамаса, ақша қайтарып алу қиындай түседі. Егер мен елге оралсам, мені қамайды. Себебі көп арыз түскен", - деді ол.

 

Ер адамның айтуынша, компания ақшасы Қазақстанда айналымда жатыр. Жігіт елге оралып, өз міндетін орындауға дайын.

 

"Ақша айналымда жатыр. Қайда екенін айта алмаймын. Себебі видео арқылы қайда екенін анықтаса, айналымды тоқтатып, тәркілеп, иеленіп алады", - деді ол.
Сондай-ақ, ер адам бәрін реттеу үшін қолдау көрсетуді сұрады. Бұған уақыт кететінін де атап өтті.

 

Ішкі істер министрлігі мыңдаған қазақстандықты алдаған ломбард құрылтайшыларының кім екенін анықтады. Олардың бірі – 1993 жылы туған "Гарант 24 ломбард" құрылтайшысы Мырзабаев Аслан Пазылжанұлы. Полиция мәліметінше, бұл жігіт және өзге де күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды.

 

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау мен басқа облыс тұрғындары "Гарант 24", "Estate Ломбард", "Home Avto Invest" ломбардына салынған қаражатты қайтара алмай отырғандарына шағымданған болатын. Олардың көпшілігі жылжымайтын мүлкін сатып, қаржы пирамидасына ақша құйған. Полиция "Гарант 24" компаниясына қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 14:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30