Мәселе

Шетелге кеткісі келеді – "Жас қазақстандықтың" портреті жасалды

  • Шетелге кеткісі келеді –

    Шетелге кеткісі келеді – "Жас қазақстандықтың" портреті жасалды

Мәжілістің ұйымдастыруымен өткен "Қазақстандағы жастар саясаты: өзекті мәселелер мен даму перспективасы" атты дөңгелек үстелде қазіргі жас қазақстандықтардың бейнесіне сипаттама берілді, деп хабарлайды zakon.kz ruh.kz-ке сілтеме жасап.

"Рухани жаңғыру" ҚҚДИ жанындағы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев жиын барысында орталықтың рөлі мен зерттеулер нәтижесінде анықталған жастар саясаты саласындағы проблемалар туралы егжей-тегжейлі айтып, "Қазақстан жастары – 2020" ұлттық баяндамасында алғаш рет келтірілген "Жас қазақстандықтың портретіне" сипаттама берілді.

"Жас қазақстандықтың портреті" әртүрлі сала бойынша жастардың талғамы мен мүддесі сияқты біршама терең құбылыстарды қамтиды. Бұл талдамалық портретте жастар өмірінің басты үрдістері негізге алынған. Мәселен, 2020 жылғы әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі 2017-2020 жылдар аралығында жастар арасындағы негізгі құндылықтардың өзгермегендігін көрсетіп отыр. Құндылықтардың ішінде "Отбасы", "Денсаулық" және "Достық" алдыңғы қатарда. Оған қоса, жастардың 72,1% үшін құндылықтарының қалыптасуында отбасының негізгі институт екені анықталды.

Сонымен қатар, жастардың 50,7% жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтсе, 65% жүйелі түрде спортпен шұғылданады, 21,4% миграцияға дайын болса, 8,8% ғылыми қызметпен айналысады. "Жас қазақстандықтың портреті" осы және демография, денсаулық пен бос уақыт, білім мен ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, құндылық бағдар, саяси процеске қатысу, қылмыс және жастар саясаты сияқты өзге де көрсеткіштерден құралған.




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 10:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31