Өздерін "вор в законе" деп атайтын қылмыскеррлердің саны соншалықты көп емес екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов "елімізде қылмыс әлемінің қанша серкесі бар?" деген сұраққа жауап берді.
Ия, ондайлар бар. Есепте екі адам тұр, — деп қысқа қайырды министр.
Бұл ретте Марат Ахметжанов қылмыс әлемінде зор беделге ие адамдардың атын атап, нақты кім екенін атаған жоқ.