Мәселе

Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін беруді тоқтатады

  • © Sputnik

    © Sputnik

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу-емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Бұл бөлімнің функциялары Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лардың барлығы қарайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі.


Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданып келеді. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауда. Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды.


1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды.


"Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу кезінде полиция азаматтармен де, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен де байланыса алмайды", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.


Құжаттарды тексеруге өтінімдерді бөлу полиция қызметкерлері арасында автоматты түрде жүргізіледі. Бұл адам факторын жояды.


Сонымен қатар, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде тексеру процедурасынан толықтай бас тарту жоспарланып отыр.


Арнайы ХҚКО жоқ қалаларда тіркеу-емтихан бөлімінің міндетін қарапайым ХҚКО-лар атқарады.


Sputnik




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 09:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31