Мәселе

ШҚО әкімі "қытайға жер сатылды" деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

  • © altaynews.kz

    © altaynews.kz

Соңғы үш күнде әлеуметтік желілерде, «Уатсап» бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің 2019 жылы Қытайға сатылып кеткені жөнінде жалған ақпарат таратылып кеткен болатын. Соның ішінде біздің Үржар, Күршім, Жарма аудандары жайлы да айтылған.


Бүгін аймақ басшысы Өскеменде осы мәселеге байланысты брифинг өткізіп, пікірін білдірді.


«Осы аудандарда бірде-бір шаршы метр жер шетелдіктерге берілмеген», – деді Даниал Ахметов.


– Қадірменді қауым! Мен әкім ретінде ресми түрде осы аудандарда бір метр жер де қытайлықтарға берілмегенін мәлімдеймін.


Сіздер білесіздер, 2016 жылдың 6 мамырынан бері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Жарлы-ғымен шетелдіктерге және шетелдік үлесі бар заң-ды тұлғаларға жер сатуға мораторий жарияланған. Сондықтан мемлекеттік мекемелердегі барлық жұмыстар заң бойынша жүзеге асырылады және оның барлығы қоғам өкілдері мен ақпарат құралдары үшін жариялы, ашық, – деді облыс әкімі.


Аймақ басшысы жер учаскелеріне мораторий жарияланбай тұрып, 2015 жылы 20 қазанда Бесқарағай ауданында байқау нәтижесі бойынша бір шетелдік компания 14 890 гектар жерді 10 жылға уақытша жалға алғанын да айта кетті. Бүгінде ол жер ауылшаруашылық мақсатқа пайдаланылып жатыр.


Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Әлеуметтік желілерде 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап халық арасында алуан түрлі пікір айтылғаны белгілі. ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы В. Барсукова да аталмыш ақпараттың жаңсақ екенін және ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.


Ал бүгін әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Күршімдегі жер» туралы аудиохабарламаның авторы халықтан кешірім сұрағанын жазған болатынбыз.


 altaynews.kz




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 18:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30