Мәселе

ШҚО-да 100 жастағы ардагер әже шылым шегетіні үшін тізімнен шығарылған

  • іlove_uka парақшасынан алынған сурет

    іlove_uka парақшасынан алынған сурет

Шығыс Қазақстанда ардагердің немересі апасын 9 мамырда ардагерлер кеңесі алдымен құттықтауға уәде беріп, бірақ содан соң тізімнен шығарып тастағанына шағымданып отыр. Себебін жігіт әжесі "кәрі, шылым шегетіндіктен" деп жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аrnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ол шағымын әлеуметтік желілерде жариялады.

 

 

Бұл жазбаға ШҚО әкімі Даниал Ахметов жауап берді.

 

"Облыстың ардагерлер кеңесі қызметкерлерінің жұмысынан кемшілік кетіп отыр. 7 мамырда мен міндетті түрде жерлесіміз, тыл еңбеккері Хауа Бұланбаеваны Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Мен оның немересі Манаппен телефон арқылы сөйлестім, біз кездесуіміздің барлық егжей-тегжейлері туралы келістік.

Айта кетейін, ардагерлерімізді қорғау үшін маған ПТР-тестілеуден өту керек. Пандемия басталғаннан бері қарттарымыз вирусты жұқтыру ықтималдығы жоғары топқа жатады, сондықтан біз олардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі баға жетпес. Жыл сайын 9 мамыр мерекесі қарсаңында мен жерлес ардагерлерімізді үлкен құрметпен құттықтаймын.

Өз тарапымнан Ардагерлер кеңесінің жұмысына болашақта мұндай қателіктер қайталанбауы үшін қажетті түзетулер енгізілетінін атап өткім келеді", - деді Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында.

 

Еске салайық, бірқатар облыстың ардагерлері биыл Жеңіс күніне орай бір миллион теңге көлемінде төлем алады.

 




Көрілген: 1034    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 18:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31