Мәселе

ШҚО-да 11-сынып оқушысы мектеп директорымен көңілдес болған

  • Көрнекі сурет.  © Комсомольская правда

    Көрнекі сурет. © Комсомольская правда

ШҚО-дағы ауылдардың бірінде оқушы қыз мектеп директорымен көңілдес болған. Жаға ұстатарлық жағдай осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жас қыз мектеп бітіре салысымен, тіпті басқа жігітке тұрмысқа шығып үлгеріпті. Бұл туралы kaz.nur.kz хабарлайды.


Әйел адамның сөзінше, сол жылдары жаға ұстатарлық жағдай тіпті аудан көлеміне де тарап кетіпті.


"Бес жыл бұрынғы жағдай болса да айтайын, мектепте оқитын он бірінші сынып оқушысы әкесімен жасты мектеп директорымен ойнас құрып, бүкіл ауылды ауданға қарабет қылған еді.


Оқушы қыз ауылдағы тұрмысы төмен отбасылардың бірінде өскен. Ер адамның әйелі болса ерте қайтыс болып, балалары есейіп, қалаға көшіп кеткен еді.


Мұндай жаға ұстатарлық жағдайды ауылдың әр тұрғыны, тіпті сол қыздың сыныптастарына дейін білетін.


Оқушы қыз ұялмай-қызармай би кештерінен кейін, директордың кабинетіне кіреді, одан қалса, сол кісінің алдында қысқа белдемше киіп, көзіне түсуге тырысады екен.


Ал бір күні тіпті ауыл адамдарының бірі екеуін қаладағы дәмханалардың бірінде көріп қалыпты. Қыздың туған әпкесі Семейде тұратындықтан, сондағы апа-жездесінің қолына жиі баратын.


Сондай сапарлардың бірінде мектеп директорымен кездесуге де уақыт тапқан. Бір қызығы, қыз бала мектепті бітіре сала, сол жылы басқа жігітке тұрмысқа шығып кетті", - деді әйел адам.


Ауыл тұрғынының айтуынша, қазіргі жас арулар намыс пен ұяттың не екенін білмейді екен.


"Қазір жастарды бұзылған дейміз, бұрын да сондай жағдайлар болған. Бірақ бүгінгідей әлеуметтік желі, интернет деген болған жоқ, сондықтан ондай жағдайлар жиі таралмайтын.


Десе де қазір мұндай оқиғалар бұрынғыдан да көп десем артық айтпаспын. Оқушы қыздар жылдан жылға арсызданып, ұят пен намыстан жұрдай болып бара жатыр. Бәрі ата-ананың берген тәрбиесіне байланысты, ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі", - дейді әйел адам. 




Көрілген: 12996    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31