Мәселе

ШҚО-да 76 жастағы қарт 13 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

  • https://kyzylorda-news.kz/

    https://kyzylorda-news.kz/

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны 13 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданының полиция қызметкерлері қос азаматтық алу фактісін анықтады.

 

«Ер адам 2004 жылы Қазақстан азаматтығынан шықпай, Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Осылайша, зейнет жасына жеткеннен кейін ол 13 жыл бойы екі елден ақша алып отырды. Соның салдарынан мемлекетке 12 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді», - деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

 

Аталған факті бойынша 76 жастағы қарт кісіге ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігімен 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы заңсыз алынған зейнетақы төлемдерін бюджетке қайтару үшін сотқа арыз береді.

 

 

 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 17:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31