ШҚО-да қағазбастылықтың кесірінен жол құрылысы тоқтап тұр

19 мамыр 2022, 17:11

Рахман бұлақтары да жеткізбейді. Шығыс Қазақстандағы кетеуі кетіп тұрған аралық бұл ғана емес. Осыған дейін Өскемен –Талдықорған, Қалбатау-Майқапшағай арасында қайта жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанын бірнеше рет көрсеттік, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Енді бұлардың қатарына Өскемен – Алтай – Рахман бұлақтары трассасы қосылды. Өйткені тау ішіндегі бұралаң жолдың 32 шақырымын жөндеу 2017 жылы басталғанмен әлі аяқталмаған. Жұмыс мүлдем тоқтап тұр.

 

Владимир Муракатов  Өскемен – Алтай  бағытымен  күнде жүреді. Әйгілі Осинов өткелінен жиі өтеді. Жұмысы сондай. Құз бойымен созылған иірім жолдан ұшып кеткен талай көлікті көріпті. Сондықтан серпантинді айналып өтетін түзу әрі қауіпсіз жол салына бастағанда бір қуанған.

 

Владимир Нуракатов, көлік жүргізушісі:

 

– Бұл құрылыс аяқталса  жол қысқарар еді. Ең бастысы қауіпсіз болар еді.Өйткені өте  күрделі жол.Тіркемесі бар көліктерге тіпті қиын.

 

 Қатонқарағайға бағыт түзеген туристер үшін де бұл жолды өткеру оңай емес.

 

Рамиль Исамутдинов, турист:

 

– Жолаушылардың да жүргізушілердің де қауіпсіздігі үшін мысалы мысалы екі ортаны жөндеген жағдайда серпантиннен ешкім өтпес еді деген сияқты ғой,+42.15 сол үшін жаңа жолды тосып жүрміз.

 

Әу баста құрылыс жап-жақсы жүрді. Ені 8 метрлік, екі жолақты жол төселе бастады. Автобус аялдамасы, су өткізу құбырлары, мал өтетін орын сынды қажетті талаптардың бәрі қарастырылды.

 

Алайда қағазбастылық кесірінен 2019жылы  жұмыс тоқтады. Мердігер компания құрылысты жалғастыру үшін салалық мамандардың жауабын  күте-күте шыдамы жетпей, жобадан бас тартты. Сөйтіп 30 шақырымдық жол сақалды құрылысқа айналып шыға келді.

 

Эльмира Ахметова, тілші:

 

– Жолаушылардың да жүргізушілердің де зәресін алатын жол осы.Тау ішіндегі серпантин кілт бұрылыстарға толы, Сондықтан ақырындап абайлап жұрмеске болмайды. Ал бұл өз кезегінде туристік нысандарға апаратын жолды біршама ұзартып жібереді.

 

Қарқынын қағазбастылық тоқтатқан құрылыс сол беті әлі тұр.Біресе  бел буып кірісетін мердігер компания табылмады.Оны күтіп жүргенде жоба ескірді, баға өзгерді. 30 процентке қымбаттады. Енді қайта түзетулер жасалу керек.

 

Асылбек Нұғыманов, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалының директоры:

 

– Бұрынғы қаражаттан 50 процент қана қалды.Ол жетпейді.Құрылыс материалдары қымбатттады.Жоба құны 30 процентке өсуі мүмкін. Мемлекеттік экспертизадан соң  нақты сома анықталады.

 

Құз жартастың жиегімен өтетін жолдың күтімі де қиын. Қыста қар дұрыс тазаланбай онсыз да тар жол  одан сайын жіңішкереді. Жол белгілері де көрінбей қалады. Жыл басынан бері осы трассада 24 кемшілік анықталды.