Мәселе

ШҚО-да қасқырлардың малға шабуы жиілеп кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында түз тағыларының малға шабу жиіледі. Осы орайда аудан әкімдігі мен ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қасқыр санын реттеу мақсатында бірқатар шараларды қолға алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Соңғы күндері Ұлан ауданы, Жоғарғы Тайынты ауылында қасқырлар малға тиіп, елдің үрейін қашырған. Бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осыған байланысты қандай шаралар атқарылып жатқаны сөз етілді.

 

«17 ақпан күні тікұшақтан арнайы барлау жүргізіліп, Ұлан ауданы Алғабас ауылы маңында - 6, Жоғарғы Тайынты ауылының аумағында - төрт қасқыр атылды. Алдағы уақытта бұл мақсаттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Жалпы биыл облыс бойынша 510 қасқыр атуға рұқсат берілген. Бұл өткен жылғыдан 100 қасқырға көп», – дейді басқарма басшысы Мұрат Құсайынов.

 

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында бір үйдің 70 қойын қасқыр тамақтап кеткен болатын.

 




Көрілген: 163    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 17:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31