ШҚО-да компания директоры кабинет төріне Путиннің суретін, Ресей туын қойған

29 мамыр 2022, 12:36

Бұл туралы тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы Instagram-дағы парақшасына жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысындағы «Полиметалл» алтын өндіру компаниясының директоры Кеңпейіл Ордабайұлы жұмыс бөлмесіне Путиннің суретін, төріне Ресейдің туын қойып қойған.

 

«Шығыс Қазақстан облысында «Полиметалл» деген алпауыт компания бар. Алтын өндіруден Республикада алдына түсетін мекеме жоқтың қасы. Қазақстан қазба байлығының қызығын көріп отырса да компания директоры Кеңпейіл Ордабайұлының жүрегі Ресей деп соғатын секілді», — деп жазды журналист.

 

«Бақыршық кен өндіру» ЖШС-і жылына 2 млн тонна кен өндіреді. 2021 жылы өндіріс орны мемлекет қазынасына 65 млрд 384 млн теңге салық төлеген. Ашық дереккөздерде компания жетекшісі – Исаев Кеңпейіл Ордабайұлы деп көрсетілген.