Мәселе

ШҚО-да тасқын салдарынан бір үй құлады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ал Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданында көтерілген жер асты суы толастайтын емес. Соның салдарынан қызыл судың астында қалған баспаналар мен аулалардың жалпы саны 80- ге жетті. Қазір қабырғалары қақыраған үйлердің біреуі құлап та қалған.


Бүгінде көтерілген жер асты суының беті қайтар түрі жоқ. Соның салдарынан төңірегіндегі баспаналар қызылсудың ортасында тұр. Тіпті, оған үйлердің кейбіреуі шыдас бермей құлай бастаған. Баспанасы құлағандардың бірі - Мария Храмова. 74 жастағы әжей мұнда 40 жылдан бері тұрып келген. Алайда соңғы үш жыл қатарынан үйін су басыпты. Ақыры сазбалшықтан тұрғызылған қабырға көктемгі селге шыдамаған. Енді тентіреп қалдым деп отыр.


Мария Храмова, Бесқарағай ауылының тұрғыны:


- Мен сол күні үйде болғанмын. Далаға шығып қайта кірсем бір жақ қабырғам құлап жатыр. Қатты қорқып қалдым. Үйім қайта қалпына келтіруге жарамайды. Кім көмектеседі?


Тұрғындардың айтуынша, аудан атқамінерлері өтемақы ретінде көк тиын төленбейді деген көрінеді. Жаңа баспанаға қол жеткізу үшін, оларды ел қатарлы үй кезегіне тұруға міндеттепті. Бірақ кезектің келмесіне сенімді тұрғындар шенеуніктердің бұл әрекетін түсінбей дал.


Талғат Жүнісов, Бесқарағай ауылының тұрғыны:


- Менің үйімді сарапшылар апатты деп таныса, сол қағазбен халыққа қызмет көрсету орталығына барып кезекке тұруым керек. Ал, онда тіркелетіндей Бесқарағайда үй салып жатыр ма? Біз ол үйді неше жыл күтеміз?


Дегенмен, аудан əкімі ешкімді далаға қалдырмаймыз деп ақталып əлек. Оның айтуынша, баспанасы тұруға жарамсыз болған тұрғындарға облыстық қазынадан қаржы қарасырылуы мүмкін. Ал бүлінген үйлердің нақты саны əзірге белгісіз.


Дәулет Батырбаев, Бесқарағай ауданының әкімі:


- Үйді апатты деп тану үшін тұрғындар бірінші тәуелсіз сарапшыларға өздері жүгінуі керек. Сол қорытындыға сәйкес, қайта жөндеуге ақша бөлуді және апатты деп танылған үй мәселесін шешуді қарастырамыз. Ал қора-қопсыларға өтемақы төлеу заң бойынша қарастырылмаған.


Қазір тасқын шайған аумақтардан 111 мың текше метрден аса су сорылыпты. Мұнда қосымша көмекке Семейден 25 құтқарушы келді. Олар жергілікті мамандармен бірге көл жағасын бекітуге кіріскен. Ал баспанасы суда қалған 10 отбасындағы 33 адам жатақханаға көшірілді.


 ktk.kz




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 21:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31