Мәселе

Ішіне жын кірген бе? Қазнетті шулатқан жігіт әскердегі тексеруден қалай өткен

  • instagram.com

    instagram.com

Әлеуметтік желідегі бейнежазбада ішіне жын кіргендей айқайлаған Саят М. есімді қатардағы жауынгер екі медициналық тексеруден өтіп, Шекара әскерінің қатарына қосылып, бір жыл әскердегі борышын өтеуге жарамды болып шыққан. Бұл туралы Express Qazaqstan тілшісіне Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Айдын Сағынбеков айтып берді.

 

Айдын Сағынбековтың ақпаратына сенсек, көпбалалы отбасынан шыққан Саят Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған. Әскерге барардың алдында алғашқы медициналық тексеруден сол жердің ұйымдары өткізген.

 

Денсаулығында кінәрат бар деген арыз-шағым болған жоқ. Өзі де әскери борышын өтеуге қарсы емес еді. Психикалық ауруларға шалдықпаған, психиатр, невропатолог, терапевт, дерматолог сияқты мамандардың арнайы тіркеуіне де алынбаған, — дейді департамент басшысы.

 

Биыл 24 тамызда аудандық деңгейдегі медициналық тексеруден өткен соң, комиссияның "әскерге жарамды" деген қорытынды қағазымен облыстық комиссияның тексеруіне барған. Облыстық деңгейдегі комиссия да оны әскерге жарамды деп таныған.

 

Қорытынды медициналық тексеруден өтіп, психологтың қабылдауынан кейін әскерге жарамды жігіт ретінде Алакөл аудандық шекара қызметі басқармасының тізіміне енген. 25 қыркүйек күні әскери борышын өтейтін жерге аттанған", — дейді Айдын Сағынбеков.

 

Ал, осыншама медициналық тексеру жігіттің денсаулығындағы проблемаларды неге байқамады деген сұраққа жауап берген Сағынбеков "оны ауыратынын жігіттің өзі де, ата-анасы да хабарлаған жоқ" дейді. .

 

Полиграфты қосқанда бүкіл тексеруден өткен, шекарашылардың өз психологтары да оны тексеріп алған, — дейді департамент басшысы.

 

Ал, ҰҚК Шекара қызметінің мәліметіне сүйенсек, Саят М. әскери борышын өтеуге 27 қыркүйек күні келіп, небары екі күннен кейін талма дертінің белгілерімен Үшарал аудандық орталық ауруханасына түскен. Бір тәуліктен кейін жігітті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы аймақтық әскери госпиталіне ауыстырған.

 

Емдеу мекемесінің өкілдері Express Qazaqstan тілшісіне бұл ақпаратты растады, бірақ, оның денсаулығына қатысты қандай да бір мәлімет айтудан бас тартты. Әскери-дәрігерлік комиссияның тексеруінен кейін Саят не әскер қатарына оралады, не запастағы жауынгер ретінде үйіне оралады.

 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде жас солдаттың аяқ қолын төсекке байлаған видео тарап кеткен болатын. Оның қорқынышты түрі мен жан дауысын естігендер, жігіттің ішіне жын кірген деп топшылаған еді.

 

 

 

 




Көрілген: 1735    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 16:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31