Мәселе

Шөкеев екі бірдей облысқа қауіп төніп тұрғанын айтты

  • © Photo : primeminister.kz

    © Photo : primeminister.kz

Шардара су қоймасының мәселесі шешілмесе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында 260 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді су басуы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Облыс әкімі үкімет назарын Шардара су қоймасының проблемасына аударды.

 

Айтуынша, Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының сыйымдылығы &ndash 5 миллиард 200 миллион текше метр. Су қоймасы Арнасай су торабын қоса есептегенде, секундына 2 570 текше метр су тастай алады.

 

"Бірақ 1969 жылы өтімі секундына 4210 текше метр су келіп, апатты жағдай болған. Міне, қазір елу жылдан асты. Мұндай апаттар елу жылдың көлемінде болып тұрады. Сондықтан осындай жағдай қайталанса, Шардара, Отырар аудандары, Арыс қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы елді мекендері, яғни Түркістан облысында тұратын 60 мыңнан астам тұрғыны бар және Қызылорда облысында 200 мыңнан аса адам тұратын елді мекендерді су басып қалу қаупі бар", - деді Шөкеев сенаттағы үкімет сағатында.

 

Айтуынша, бұл мәселе 5-6 жыл бойы көтеріліп келеді, бірақ әлі шешімін таппаған.

 

"Министрлік, үкімет осыған назар аударса дейміз. Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданында Шардара су қоймасының оң жақ жағалауынан өтімі секундына 1500 текше метр болатын апатты су қашыртқы салу өте қажет. Бұл кезек күттірмейтін мәселе екі облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін", - деді облыс басшысы.

 

Ол техникалық-экономикалық негіздеме дайын екенін атап өтті.

 

 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31