Мәселе

"Шөп жеуге мәжбүр болдық": Сириядан оралған әйел соғыс аумағындағы сұмдықты жайып салды

  • "Шөп жеуге мәжбүр болдық": Сириядан оралған әйел соғыс аумағындағы сұмдықты жайып салды

ҰҚК-ның арнайы операциясының нәтижесінде Сириядан қайтып оралған қазақстандық Альбина Мансұрова ол жақтағы сұмдықты айтып берді. Бастан кешкен ауыр күндері туралы айтқан әйел өзгелер мұндай шалыс қадамға бармаса екен дейді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Альбина Мансұрова таяуда ғана паранджа киіп жүрген. Алайда Қазақстанға оралғаннан кейін түбегейлі өзгеруді жөн көріпті.


Әйелдің сөзінше, ол Сирияда 6 жыл тұрған. Ол жаққа күйеуімен бірге кеткен әйел соғыс аумағынан қайтып шығу оңайға соқпағанын айтады. Тірі қалу үшін, балаларыммен бірге шөп жеуге мәжбүр болдық, дейді ол.


«Ол жақта әділетсіздік, қатігездік, озбырлық, жаппай өлтіру мен аштық болды. Онда ешқандай дін жоқ, тек саясат екенін түсіндім. Өзімді, балаларымды құтқарып, Қазақстанға қайтып оралудың жолын іздестіре бастадым. Алайда бұл оңай болмады», - дейді Альбина Мансұрова.


Әйел балаларымен бірге Қазақстанға қайтарылған. Ендігі ол бір кездегі өзі сияқты Сирияға аттанғысы келетіндерді құтқаруға тырысып жүр.


Еліміздің ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, 2 жыл ішінде қамаудағы 300 адамның көзқарасын дәстүрлі дінге өзгерту мүмкін болған. Олармен теологтар және психологтар жұмыс істепті.


Үш рет сәтті жүргізілген «Жусан» гуманитарлық операциясының нәтижесінде Сириядан 600 қазақстандық шығарылған еді. Олардың ішінде 30 ер адам, 137 әйел және 406 бала бар. 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30