Мәселе

Шу қаласында мектеп директоры "қыз ұзату" тойын жасаған (фото, видео)

  • Шу қаласында мектеп директоры

    Шу қаласында мектеп директоры "қыз ұзату" тойын жасаған (фото, видео)

Жамбыл облысы Шу қаласында карантин кезінде "қыз ұзату" той жасаған мектеп директоры жауапқа тартылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Әкімдік қызметкерлері әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында Жамбыл облысында орналасқан Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны байқаған.

 

Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті тойдың осы жылдың 26 маусым күні өткенін анықтады.

 

Осыған сәйкес, карантин режимін бұзып, мерекелік шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынған.

 

"Одан бөлек, іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгін ол кезекті еңбек демалысында. Демалыс аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссиямен оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады", - делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар отбасылық шара өткен мекеме де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды. 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1066    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30