Мәселе

Шуда үшем дүниеге келді

  • aikyn.kz

    aikyn.kz

Аудан орталығынан шалғай орналасқан Далақайнар ауылдық округінің тұрғыны Антонина Антипова шекесі торсықтай үш ұлды дүниеге әкелді.


Ерлі-зайыптылар ұлдарына Андрей, Данил және Артем есімдерін теліпті. Нәрестелер аман-есен өмірге келді. Андрей 2 келі 300 грамм, Данил 1 келі 900 грамм, ал Артем 2 келі 300 грамм боп туылған. Бұған дейін төрт қызды тәрбиелеп отырған Антонина бір-ақ күнде алтын алқа иегері атанып шыға келді.


Өзі орыс ұлтынан болғанымен, жолдасы Андрей Томпа венгр ұлтының өкілі. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Далақайнар ауылында тұратын отбасы жергілікті тұрғындармен туған-туысындай араласып кеткен.


– Ата-анам осы ауылда тұрып, осы жерде өмірден озды. Мен де осында дүниеге келдім. Қазақ ұлтының бауырмалдығына әлі күнге таңғаламын. Бүгін де қолдарынан келгенше қауым болып көмек қолын созуда. Ауылдастарыма алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді үшемнің әкесі Андрей Томпа.


Айта кетерлігі, Рамазан айында ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары ерлі-зайыптыларға қой, ешкі, сиыр сынды төрт түліктің түр-түрін шама-шарқына қарай жинап берсе, ауылдағы әкімшілік, мектеп, балабақша және дәрігерлік амбулатория ұжымы 200 мың теңге көлемінде қаржы жинап берген.


Бұдан бөлек, жеке-жеке сыйлық жасап, көмек қолын созған тұрғындар да жетерлік. Өз кезегінде ерлі-зайыптылар аудан басшылары мен ауыл тұрғындарына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.


 aikyn.kz




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 20:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30