Мәселе

Шығыста 90-нан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін

  • Шығыста 90-нан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін

    Шығыста 90-нан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін

Биыл Шығыс Қазақстанда күн күрт жылынса, су тасқыны қаупі төніп тұр.

Облыс  басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, су тасқынының алдын алуға дайындық қазірден басталған.

«Су тасқынының алдын алу үшін 10 ақпаннан су басу қаупі бар учаскелерді тексеру және облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмысы басталады. Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі бар 94 елдімекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарын су басу қаупі бар», &ndash деді.
Әкімнің айтуынша, Үлбі, Таулы Үлбі, сондай-ақ Ертіс өзенінің Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі тұсында жүргізілген аэровизуалды зерттеу жағдайдың тұрақты екенін көрсетсе де, мұз қалың. Өзендердегі мұздың қалыңдығы 2018-2020 жылдардағы көрсеткіштен де жоғары. Бұқтырма өзенінде мұздың қалыңдығы &ndash 60-70 см.

Қауіпті төмендету үшін Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде мұзды жару жұмысы жүргізіледі.

aikyn.kz




Көрілген: 1150    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31