Мәселе

Шымкент-Алматы рейсі кезінде бала көз жұмды: Оқиғаның мән-жайы анықталды

  • Шымкент-Алматы рейсі кезінде бала көз жұмды: Оқиғаның мән-жайы анықталды

    Шымкент-Алматы рейсі кезінде бала көз жұмды: Оқиғаның мән-жайы анықталды

Air Astana әуекомпаниясы Шымкент-Алматы рейсі кезінде ұшақ бортында көз жұмған баланың оқиғасын егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, анасы авиакомпанияға баласының ауыр жағдайы мен диагнозы туралы ескертпеген. Әйел қонған кезде ғана кресло мен көмек сұраған. Сондай-ақ, ұлының денсаулығы туралы мүлде хабар бермеген.

 
"Ұшу кезінде кенеттен бала ауырып, бозарып кетті. Бортсеріктер бортта дәрігерлердің бар екенін білу үшін хабарландыру жасады. Алайда медицина қызметкерлері болған жоқ. Бұдан соң, ережеге сәйкес, бортсеріктер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Атап айтқанда, балаға оттегі берілді. Ұшақтың төмендеуі кезінде оның жағдайы одан әрі нашарлады.  Дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді", - деді компания.

Осыдан кейін әуе кемесінің командирі ішкі істер органдарына хабарлап, төтенше жағдай жариялады. Оның өтініші бойынша қонуға басымдық беріліп, бортты жедел жәрдем дәрігерлері қарсы алды. Өкінішке орай, бала қайтыс болды. 

Кейінірек баланың қатерлі ісік ауруымен ауыратындығы белгілі болды. Уәкілетті органдар оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізеді, деп атап өтті авиакомпания.

Аіг Astana баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 15:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30