Шымкент аспанында ұшып жүрген періштелер көпті таңырқатты (фото)

14 қараша 2018, 14:08

Шымкентте жаңа арбатта орнатылған үлкен періштенің композициясы жергілікті халықты таңғалдырды. Тұрғындар қанаты бар адамның мүсініне тәнті болып, онымен суретке түсу үшін кезекке тұра бастады деп жазады otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкенттіктер жаңа арбаттың дәл алдында орналасқан композицияны "шымкенттік періште" деп атап кеткен.

Жарық шамдардан құрастырылған періштеге жергілікті халық дән риза.

Үлкен композициямен суретке түскен жұртшылық желіде өз таңданысын жасыра алмай, қала әкіміне алғыстарын жаудырған.

Кейбірі туындыны "Шымкент әкімі көмекке ұшып барады" деп атауға кеңес беріпті.

Желтоқсан айында қаладағы жаңа арбаттың ашылу салтанаты болмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте оның айналасын ретке келтіру қолға алынған.