Мәселе

Шымкент әуежайына келгендер ашуға мінді (видео)

  • NUR.KZ/Петр

    NUR.KZ/Петр

Әлеуеметтік желіде Шымкент әуежайында түсірілген видео пайда болды. Кадрда жолаушылардың төлқұжат тексеруді тек екі шекарашының жүргізгеніне наразы екені бейнеленген. Ал әуежайға шамамен 200 адам ұшып келген. Бұл жайтқа қатысты әуежай әкімшілігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Видео авторының сөзінше, Шымкент әуежайында төлқұжатты тексеру алаңында шамамен 200-ге жуық адам болған. Адамдардың көңіл-күйіне ұзын-сонар кезек, жолдан шаршау әсер еткен.

 

Бейнежазбада жолаушылардан сабыр сақтауын өтінгені естіледі. Алайда бұл сөзге олар құлақ аспаған.

 

"Қайдағы сабыр?", - дейді әйелдердің бірі.

 

"Шымкент әуежайында абыр-сабыр, тіркелуге екі сағат, багаж жоқ, бұл шектен шыққандық", - дейді видео авторы.

 

Жағдайға қатысты әуежай әкімшілігі пікір білдірді. Мекеме 7 маусым күні таңғы сағат 4-те "Pegasus Airlines" әуе компаниясының Стамбұл-Шымкент бағытындағы №PC224 рейсі ұшып келген. Бортта 178 жолаушы болған.

 

"Сағат 04:11-де жолаушылар ұшып келу залына жеткізілді. 04:27-де багаж жеткізілді. Содан кейін жолаушылар төлқұжаттық бақылаудан өтуі керек еді. Аталған процедураны жүргізу Шекара қызметінің құзыретіне кіреді. Төлқұжаттық бақылау процедурасын жүзеге асыру үшін 5 кабина жасақталған. 05:46-да ұшып келу залы бос болды", - дейді Шымкент әуежайы.

 

 

 

 

 




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 19:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31