Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкент полициясы желіде тараған аудио жазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізеді

30 наурыз 2022, 19:40

Шымкент полициясы желідегі тараған аудио жазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева деп көрсетілген аудио жазба әлеуметтік желіде үлкен талқылауға түсіп жатыр.

 

Онда әйел адамның қызметкеріне жекіп сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын естуге болады. Тіпті жұмыстан босату жөнінде мәселе қарайтындығын жеткізген дауыс иесі, әдеп нормаларын сақтамай, аузына келген ағат сөздерді қарша боратқан.

 

Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Қайрат Дәлбеков бұл жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізілетіндігін айтты.

 

«Шымкент қаласы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына бейнежазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады» - делінген Қайрат Дәлбековтың жазбасында.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/hOE0mFFEEDA" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>