Мәселе

Шымкентте 15 жасында ана атанған қыз сәбиімен көшеде қалды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Шымкентте 15 жаста ана атанған қыз қолындағы сәбиімен жарты жыл бойы қараусыз қалған ғимараттарды паналап жүрген. Босанғаннан кейін үш аптадан кейін қыз басындағы баспанасынан да, туыстарының қолдауынан да айырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

 

Алғашында әкесі отбасын ұятқа қалдырдың деп қызынан теріс айналған. Қазір қыз Шымкенттегі "Көмек" қол ұшын беру орталығында тұрып жатыр.

15 жастағы Гүлмираны өмір ерте есейткен. Бірінші анасы бес қызымен отбасын тастап кеткен. Ал әкесі балаларын интернатқа өткізіп жіберген.

 

Бойжеткен баласының әкесімен сол жерде танысады. Өзінің жүкті болғанын ол үйде отырған уақытта, сабақтың барлығы онлайнға көшкен кезде білген. Әкесі қызын әулетті ұятты етті деп анасына жібереді, алайда анасының да қызының тәрбиесімен айналысуға аса құлшынысы болмаған. Жасөспірімдердің ата-аналары мәселені бейбіт жолмен шешуге келіседі. Әкесі қызының қалыңмалын алып алады.

 

"Ол 2 млн теңге тұратын жерді алған. Жігіттің анасы қызды қабылдайды", – дейді Шымкенттегі орталықтың директоры Малика Жүсіпова.

 

Гүлмира ұлын №2 қалалық перзентханада дүниеге әкеледі. Дәрігерлер кәмелетке толмаған жас ана туралы полиция мен қамқоршылық органдарына хабарлауға тиіс болған. Бірақ орталық қызметкерлерінің айтуынша, олар мұны жасамаған, тіпті баланың тууы туралы анықтамасын да бермеген.

 

Босанғаннан кейін үш аптадан кейін жас ана сәбиімен бірге көшеде қалады. Жарты жыл бойы оған қамқор адамдар көмектесіп келген. Қандай қиыншылық болса да, ол ұлын тастамаған. Екі айдан бері бойжеткен "Көмек" орталығында тұрып келеді.

 

"Бұл жер маған ұнайды, олар бізге ұлымыз екеумізге көмектеседі. Менің бар арманым – дұрыс өмір сүру", – дейді 15 жаста ана атанған Гүлмира.

 

Ресми қамқоршысы болмағандықтан, Гүлмира баласын алып алады деп қатты қорқады. Орталықтың қызметкерлері Гүлмираның анасын қызы мен немересін қамқорлығына алуға көндіргісі келеді.

 

"Қыздың анасына қатысты қиындықтар туындап жатыр, ресми жұмысқа орналасуы қажет, ал анасының тұрақты жұмысы жоқ. Ол еркін жүріп үйреніп қалған. Сондықтан анасының мінез-құлқы қандай болатынын дұрыс білмейміз. Қазір психологиялық- педагогикалық көмек көрсетіліп жатыр", – дейді орталық директоры Малика Жүсіпова.

 

Сондай-ақ қоғам белсенділері Гүлмираға баспана алу үшін әкесінен екі миллион қалыңмалды қайтарып алуды көздеп отыр.

 

Қыздың өзі визажист болуды армандайды және колледжге түсу жоспарында бар. Бауырларын да интернаттан шығарып алсам дейді.

 

 

 

 




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 09:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31