Мәселе

Шымкентте 75 жастағы қарияны балалары баспанасыз далада қалдырды

  • Шымкентте 75 жастағы қарияны балалары баспанасыз далада қалдырды

    Шымкентте 75 жастағы қарияны балалары баспанасыз далада қалдырды

Шымкентте 75 жастағы зейнеткерді балалары баспанасыз қалдырған. Қария бірнеше күн далада түнеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Әйел үйін сатып, ақшаны қыздары мен ұлына бөліп бергенін айтады. Ол үлкен перзентінің қолына көшіп барған. Алайда баласымен арасы дұрыс болмай, қария оның үйінен кетуге мәжбүр болған. 

 
Саламат Рахманқызы 75 жаста. Әйел Шымкентте туып-өскен, өмір бойы ауруханада медбике болып жұмыс істеген. Күйеуі қайтыс болған соң артында бес баласы қалды.

"Балаларды өзім өсіріп, білім бердім. Күйеуім болмаса да, барынша тырысып бақтым. Бастапқыда қиын болған еді, бірақ барлығын жеткіздім. Мен үйімді сатып, балаларыма ақшаны бөліп беремін де, өзім әр айда әрбіреуінің үйіне барып, емін-еркін өмір сүремін деп ойладым. Жанжал болғанын қаламадым", – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Саламат Балабаева.

“Қария депрессияға ұшыраған, балаларына қатты ренжіп отыр. Тіпті өзіне қол салғысы келген. Қария баспанасыз көшеде қалған", – дейді "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова.

Көше кезіп жүрген зейнеткер әйелді бұрынғы көршілері тауып алған. Олар Саламат Рахманқызын "Көмек" дағдарыс орталығына жіберілді. Әже екі айдан бері осында тұрып жатқан балалы аналарға көмектесіп жатыр. 

Саламат апаның Алматыда пәтері бар болып шықты. Ол қайтыс болғанда ортаншы қызынан мұраға қалған.

"Ол мені нотариусқа апарды, ол кезде маған ештеңе де, ешкім де керек емес еді. Мен барлығымыз бірге тұрсақ болды деп келістім. Бірақ кейін жанжал бола бастады. Мен жай ғана кетіп қалдым", – дейді қария.

Заңгер Евгений Яворскийдің айтуынша, оңтүстікте тұратынымызға қарамастан, балалары немесе немерелері алдау немесе келісім бойынша қарттардың дүние-мүлкін өздеріне қайта жазып алып, кейін көшеге қуып жіберетін жағдайлар жиі кездеседі. 

"Нотариус адамның әрекет қабілеттілігін тексеруге міндетті, егер нотариус адамның не істеп жатқанын толық түсінбейтінін, есеп бере алмайтынын көрсе, бас тартуы керек. Мұндай жағдайда үйді қайта рәсімдегені үшін нотариус та жауапқа тартылуы керек”,  –  дейді заңгер Евгений Яворский.




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 02:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31