Мәселе

Шымкентте әйелдер әкімдік алдына жиналып, шу шығарды

  • Шымкентте әйелдер әкімдік алдына жиналып, шу шығарды

    Шымкентте әйелдер әкімдік алдына жиналып, шу шығарды

Шымкентте ондаған әйел әкімдік алдына жиналып, әкіммен кездесуді талап етті, олардың қатарында көпбалалы аналар мен жалғызбасты әйелдер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, олар коммуналдық проблемасын айтуға жиналған: пәтерлерінде жылу, газ, су мен электр энергиясы жоқ.

"Алты баламен екі бөлмелі пәтерде тұрамын, пеш жағып, жылынамыз. Өткен жолы көмір мен ағаш алуға осында өтінім қалдырдым. Ешқандай да көмек болған жоқ. Үйіміз суық, балаларымыз тоңып жатыр", - дейді көпбалалы ана Мадина Кемпірбекова.

"Жангелдин бойындағы көпқабатты үйде тұрамын. Бес балам бар. Пәтерімде жылу жоқ. Жақында ғана екі баламмен ауруханадан шықтық. Енді үйде тоңып отырмыз. Бір балам мүгедек, суықтан денесі тартылып қала береді. Ауырып жатыр, қызуы көтеріледі", - дейді тағы бір көпбалалы ана Эльмира Авалбекова.

"Қайнар Бұлақтан келдім. Су жоқ, газ бен электр энергиясы жоқ. Қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Білмеймін. Осы жерде сұрағым келеді. Қаратау ауданы әкімі бізге бәрі болады деп уәде берді емес пе. Орындамай отыр. Сондықтан Абзал емес, Обещалкин деп атаймыз", - дейді Шымкент тұрғыны Алма Жүсіпова. 
 
Әйелдердің талабы коммуналдық қызметтерге ғана қатысты болмады. Көпбалалы әйелдер шенеуніктерден мектепте тегін тамақ пен оқу жағдайын жақсартуды сұрады. Әкімдік басқармасының өкілдері олардың шағымын тыңдап шықты. Сол жерде әңгіме жүргізілгені айтылады. Алайда әйелдердің көңілі мұндай жауапқа тола қоймады.

"Сіздер тіпті дұрыс жауап бере алмайсыздар да. Қалай айғайламайсың. 30 мың теңге берейін. Балаларыма спорттық форма мен оқуға телефон алып беріңізші, көрейік", - дейді наразы әйелдердің бірі.

Алайда қала әкімімен кездесу сол күйі өтпеді. Әкімдіктегілер әйелдердің талабына қатысты пікір білдірмеді. Шенеуніктердің айтуынша, алдағы уақытта арнайы жиын өткізеді. Осыдан кейін шешім шығарылады.




Көрілген: 845    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31