Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкентте әйелін түрмеден пара беріп құтқармақ болған жігіт ұятқа қалды

14 наурыз 2019, 10:12

Шымкентте әйелін әкімшілік жауапкершіліктен пара беріп құтқарып қалмақ болған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 12 наурыз күні Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының учаскелік бекетінде орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Полиция аға лейтенанты Түркеев Нұржан Қайратұлына жергілікті тұрғын "ауызбастырық" ретінде он мың теңге ақша бермекші болған.

Еш жерде қызмет істемейтін жұмыссыз азаматтың әйеліне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 бабы "қоғамдық орындарда тиісу" бойынша айып тағылыпты.
Бірақ полиция аға лейтенанты Нұржан Қайратұлы ұсынылған сыйақыдан бас тартқан. Әйелін заң алдындағы жауапкершіліктен арашаламақ болған азаматтың да үстінен енді қылмыстық іс қозғалды.

"Пара беру жәйті бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК нің 367 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексер жұмыстары жүргізілуде "- деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.