Мәселе

Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған: министр мен бас дәрігер пікір білдірді

  • Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған: министр мен бас дәрігер пікір білдірді

    Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған: министр мен бас дәрігер пікір білдірді

Клизма жасалғанына 5 күн болса да бала мазасызданғанын қоймаған, анасы дәретке отырғанда сәбиден қан түсіп жатқанын айтты. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 1 жасар Нұрислам Тасболат клизма жасау кезінде күйіп қалғанын аурухананың бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Дәрігердің айтуынша, қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық.


"Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Баланың күйгені рас. Күю деңгейі – 1 процент", – деді ол.


Оқыс оқиғадан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та құлағдар болып шықты.

"Бұл туралы маған бүгін таңғы 7-де мәлімет келіп түсті. Қазір бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Кімнің кінәлі екенін анықтайтын боламыз. Бұл жайтқа қатысты толық мәліметті кешке дейін беруге тырысамыз", - деді министр бүгін үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында.

Зардап шеккен баланың анасы Арайнұр Қалқаманның айтуынша, клизма жасалғанына 5 күн болса да балада маза жоқ.


"Жылап жатыр, дәретке отырғанда қан түседі. Дәрігерлер барлық жағдайды жасаймыз, алаңдама деп айтты. Әрине, маған баламның тез жазылып кеткені керек. Осыған құзырлы орындар назар аударса деп суреті мен видеосын желіге салдыртқаным рас", - дейді ол.


Бір жасар Нұрислам Тасболат 25 наурызда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Бала құсып, температурасы көтеріле берген. Оған ЖРВИ диагнозы қойылған. Тамырына тамшы дәрі жіберілген соң жағдайы оңалып келе жатқан. Алайда 28 наурызда баланы қараған дәрігер оған клизма белгілеген. Өйткені бала 3 күн бойы үлкен дәретке отырмаған. Ал медбике клизма жасаған кезде баланың жан дауысы шыққан.


"Бала секіргенде ондағы су аяғыма тиді. "Ыстық қой" деп едім, медбике елемеді. Үнемі осындай температура қолданамыз деді. Клизманы жасап болған соң қарасам баламның құйрығының терісі күйіп қалған. Қазір жағдайы өте ауыр, жылай береді", - дейді ол. 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 14:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31