Мәселе

Шымкентте клизма жасалған судың температурасы шамамен 60 градус болған

  • Шымкентте клизма жасалған судың температурасы шамамен 60 градус болған

    Шымкентте клизма жасалған судың температурасы шамамен 60 градус болған

Шымкентте сәбиге ыстық сумен клизма жасаған мейірбике жұмысынан босатылуы мүмкін. Ол 10 айлық сәбиге клизма жасағанда қолданған судың температурасы шамамен 60 градус болған. Қазіргі уақытта ауруханада тексеріс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар істі полицейлер тергеуде, деп хабарлайды КТК арнасы


Еске сала кетсек, Шымкенттегі инфекциялық ауруханада мейірбике 10 айлық сәбиге ыстық сумен клизма жасаған еді. Салдарынан сәби жансақтау бөліміне түсіп қалған.


Аурухананың бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев мейрбикенің неліктен бұлай жасағанын түсінбейді. Себебі оның он жылдық тәжірибесі бар екен. Сонымен қатар ауруханадағылар қателікті мойындап отыр.


«Ыстық судан денесінің, жамбасының 1 пайызы 1-2 дәрежеде күйіп қалған деген диагонз қойылды. Ішкі ағзалары зақымданбаған. Қолданылған судың температурасы өте жоғары болған, 50-60 градус», - дейді ол.

Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсарып келеді.


Сәбидің әкесінің сөзінше, мейірбике өзінің кінәсін мойындамай отыр. Алайда дәрігерлер оқиғадан кейін әйелінен кешірім сұрапты. Десе де ата-ана мұндай қателікті кешірмейтіндерін айтады.

Оқиғадан кейін ауруханада тексеріс басталды. Аға мейірбике мен оның екі көмекшісі жұмысынан шеттетілді.


Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тексеріс нәтижесі бойынша оқиғаға қатысы бар медициналық қызметкерлер жазаланып, сонымен қатар лауазымды тұлғалар да жазалануы мүмкін.

Құқық қорғау органдары тергеуге кірісіп кетті.




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 09:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31