Мәселе

Шымкентте шенеуніктер заңсыз әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ақша алған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының шенеуніктері алаяқтық жасап, пара алғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.


Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы Абай ауданының «Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Абай аудандық секторының меңгерушісі алаяқтық жасағанын анықтады.


Ол қызмет бабын пайдаланып, атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесемін деп алдап, 375 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілігіп отыр.


«Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ның инспекторы да дәл осындай алаяқтық жасағаны анықталды. Оның алған парасы – 45 мың теңге.


Адвокаттары айыбын мойындап, процестік келісім жасау туралы өтініш тапсыруына байланысты, аталған тұлғалар ұсталған жоқ.


Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.


 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 16:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31