Мәселе

Шымкентте студент қыздар оқушыларды тонаған

  • Көрнекі сурет.  ©pg11.ru

    Көрнекі сурет. ©pg11.ru

Шымкентте полиция колледжде оқитын бірнеше студент қызды оқушыларды тонады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


№ 10 орта мектептің оқушы қыздары тоналған.


"Сабақтан шыққан оқушыларымызға колледждің студент қыздары келіп, ұялы телефондарын тартып алған", - деді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат Бекболатова.


Ата-аналардың бірі полицияға арыз жазған.


Оның айтуынша, "қызы үйіне айфонсыз келген, соққы жасалған және жылаған".


Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, "студент қыздар оқушыларды тепкілеп, бетінен ұрған".


Оқиғадан кейін мектепте тоғызыншы сынып оқушыларын шақырып, жиналыс өткізілген.


"Полиция қызметкерлері 23 қаңтарда оқушы қыздарды тонады деген күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілер колледж студенттері болып шықты. Олар күш қолданып, оқушы қыздардың ұялы телефондарын тартып алған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.


 tengrinews.kz




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.01.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30