Мәселе

Шымкентте теміржолшы әйелдер басшысына терезеден секіріп кірді

  • Шымкентте теміржолшы әйелдер басшысына терезеден секіріп кірді

    Шымкентте теміржолшы әйелдер басшысына терезеден секіріп кірді

Кеңсе алдына келген әйелдердің кетпейтінін түсінген басшылық амалсыз шыққанымен, мәселесін жаудырған топқа жөнді жауап бере алмады

2007 жылы жұмыс бабымен қоныс аударып келген 81 отбасы далада қалдық деген шымкенттік теміржолшы әйелдер басшылық кеңсесіне терезеден кірді. "Қазақстан темір жолы" компаниясы оларға үй салуға жер бергенімен, жер телімі қызыл сызықта орналасқан екен.

Енді үйінің тіркеуі жоқ тұрғындар не ауруханаға бара алмайды, не баспанасын заңдастыра алмай жүр. Тіпті рұқсат етілмеген жерде салынған үйлерге су, жол мен газ да жүргізілмейді. Кезекті рет мұңын айтып келгендерді басшылар кабинетіне кіргізбеуге тырысқан, бірақ ашулы топ терезе арқылы кірді, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Сарыағаш ауданындағы Алғабас теміржол стансасының бір топ теміржолшысы Шымкенттегі кеңсеге келгенімен, оларды ешкім қарсы алмады. 2007 жылы "Қазақстан темір жолы" компаниясы Шеңгелді станциясынан 385 отбасын 40 шақырым жердегі Алғабасқа көшіріпті. Бәріне 10 сотықтан жер бөлгенімен, 81 учаске қызыл сызық үстіне түскен. Басшылар "шешіп береміз" деген соң үй салғандар содан бері сандалып жүр.

"Сіздерге үш жылдың ішінде газ, су, мектеп салып береміз, осы жерден жер беріп жатырмыз. ­­Өтініш, барлық теміржолшылар, көшіңіздер" деп уәде берді. Олардың сөзіне сеніп, үй-жайды тастап, бала-шағаны алып көшіп келдік", – дейді теміржолшы Нұржамал Тәшімбетова.
Қызыл сызық үстіне жаппай үй салғанымен, тіркеусіз қалған 81 отбасы қазір үлкен ауылға айналған. Бірақ үй құжаты болмаған соң ешқандай есепте жоқ. Билік заңсыз тұрып жатырсыңдар деп не су, не жол жүргізбейді. Тіпті осының кесірінен әлеуметтік жәрдемақыдан да қағылыпты. Тұрғындар түгел ақша беріп жан-жақта тіркеуде тұр.

"Тіркеуге тұру үшін төрт балаға 40 мың кетеді, өзім бар, күйеуім бар. Жетпейді ғой енді, су құйдырасың, анау-мынау істейсің. Соның шешімі болу үшін құжаттарымызды шығарып, базасына мемлекеттік актімізді енгізіп берсін", – дейді көпбалалы ана Жансая Қырғызбек.

Шымкентте отыратын басшыларына балаларын жетектеп жүз шақырым жерден жеткен әйелдерді ішкі кіргізбей қойды. Тіпті есікті кілттеп алған. Бірақ олардың әрекеті онсыз да наразы топтың ашуын туғызды.

Алдыңа Сарыағаш ауданынан келіп отырмыз. Көршің емеспіз, аш есікті, деген әйелдердің айғайынан нәтиже шықпаған соң, ашуға булыққан топ есікті қойып, терезеден кірді. Әйелдердің кетпейтінін түсінген басшылық амалсыз шықты. Қаумалап мәселесін жаудырған топқа жөнді жауап бере алмады. Мәселені біресе "білеміз", біресе "білмейміз" дегендер жердің шешімін шығарып берген Сарыағаш әкімі "басын ауыртсын" дейді.

"Былық әкімдіктен. Біздің қатысымыз жоқ. "ҚТЖ"-ның берген құжаттарын да тексеру керек. Қандай негізде екенін. Қазір құжаттарын талап етеміз", – деді ҚТЖ Шымкент филиалы заң бөлімінің басшысы Ерғали Жансейітов.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы теміржолшылардың 14 жылдан бері айтып келе жатқан шағымын енді зерттемек. "Керек болса жерге шешім шығарып берген әкімдікті сотқа береміз" деген олар әйелдерді сабырға шақырып әзер қайтарды. "Қажет болса терезеден де тайынбаймыз" деген теміржолшылар мәселе шешілмесе, ұл-қызын жетектеп темір жолмен елордаға барамыз деп отыр.

sputnik.kz




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 10:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30