Мәселе

Шымкенттегі эвакуация пунктінде Қанат Бейсекеевке шабуыл жасалды (виде)

  • © facebook.com/beisekeyev

    © facebook.com/beisekeyev

Белгісіз адамдар Vласть басылымының журналистері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке шабуыл жасады. Оқиға Арыс тұрғындарына арналған эвакуация пунктерінің бірінде, Шымкенттің орталығындағы "Ақ мешітте" видеорепортаж жасап жүргенде болған, - деп хабарлайыды Tengrinews.kz тілшісі.


Қанат Бейсекеевтің айтуынша, оларды бір топ қоршап алған. Олардың қатарында Арыста зардап шеккендер мен еріктілер де болған. Бұзақылар БАҚ өкілдерін соққыға жығып, техникасын бүлдірген. Жақын маңдағы кезекші полицейлер араласпағанда, бұл қақтығыстың неге жететіні белгісіз еді. Олар журналистерді ортадан шығарып алып, көлікке отырғызған.


"Қазір барлығы қалыпты. Бұл адамдардың кім екенін анықтағым келмейді. 50-ге жуық адам болды. Олар жай ғана ашуын менен алды. Мүмкін, мен олар сияқты көрінбеген шығармын. Бізге көмектескісі келгендер де болды, қорғауға тырысты (...)", - дейді Қанат Бейсекеев.



Журналист полицияға арыз жазбайтын болды.


"Маған мұның қажеті жоқ. Жай ғана үйге қайтып кеткім келеді", - деді ол.


Шымкент полицейлері мен қала және облыс әкімшілігі болған оқиға туралы хабардар.


Қанат Бейсекеев - деректі фильм түсіретін танымал режиссер. Оның жұмыстарының ішінде - Нұрлан Сабуров жайлы фильм, АҚШ-тағы Qazaq boks stıli қазақстандық боксшылар туралы лентасы бар. 2018 жылдың маусымында ол Иранда ұсталып қалған.


 




Көрілген: 1443    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 10:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30