Мәселе

Шымкенттегі «Шым сити» қалашығынан шу шықты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Көпқабатты тұрғын үйлер жанынан мердігер компания ешқандай қауіпсіздік талаптарын сақтамай, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бұл жағдайдан хабарсыз болып шықты.

 

Құрылыс маңында балалар алаңқайы болғандықтан, тұрғындар ашық-шашық жатқан шұңқырға бөбектеріміз түсіп кете ме деп алаңдайды. Өткен аптаның соңынан бері осындағы тұрғындардан маза қашқан.

 

Себебі демалыс күндері жай жатқан осы жер бірден шұңқырға айналыпты. Ешкім мұнда құрылыс жұмыстары жүргізілетінін ескерткен жоқ. Ескертпек түгілі құрылыс нысанын қоршауға да алмай, жұмысын жалғастыра берді. Біз әлеуметтік желілерге жазып шулаған соң, мына ленталармен қоршаған сыңай танытты дейді тұрғындар.

 

Нұргүл Әзімбаева, қала тұрғыны:

 

&ndash Істеп жатқандарының барлығы заңға қайшы. Техқұжаты да жоқ. Сонда ел шығып шырылдамаса, мына жер қоршаусыз, бала мертігіп өле беру керек пе?

 

Бүбәйша Жұман, қала тұрғыны:

 

&ndash Мына жерге үй салуға болмайды. Әр жерінен қазық қағады, ол қазығың дүңкілдеген сайын, үйлер шытынайды да, құриды.

 

Тұрғындардың наразылығынан соң, мұнда құрылыс жұмыстары уақытша болса да тоқтады. Аяқ асты қоршаудың қадалары қойылғанымен, мұндағы халық бұл жерде көп қабатты үйдің салынғанына түбегейлі қарсы.

 

Осындағы үйлердің бірінде тұратын Ақжайық Мамарайымова көп балалы ана. Ең кіші қызы Сұлушаш аулаға ойнауға шықса міндетті түрде бірге жүреді. Себебі 3 жастағы бүлдіршін мына қазан шұңқырға түсіп кете ме деп қорқады. Ал құрылыс нысаны мен балалардың ойын алаңқайының арасы таяқ тастам жер ғана.

 

Ақжайық Мамарайымова, қала тұрғыны:

 

&ndash Қоршау жоқ. Қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Балалар ойнап жүр. Оларға қызық қой. Шет жағалап келіп қалады. Біз айқайлап, құлайсың деп тұрамыз.

 

Құрылыс компаниясының мұндағы іс әрекетінен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бейхабар екен. Заң бойынша құрылыс жұмыстары басталмай тұрып тиісті басқармаға ескертілуі қажет дейді сала мамандары.

 

Жасұлан Мамырбеков, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы инспекциясының басшысы:

 

&ndash Құрылыстың басталатыны туралы біздің басқарманың құрылыс монтаждары туралы реестрінде тіркелмеген. Қазіргі таңда бұл құрылыстың заңдылығын тексеру туралы басқарма басшылығының тікелей бақылауында. Құрылысты қай тұлғалар жүргізіп жатқаны туралы сұраныс хаттарды тиісті құқық қорғау оргондары мен мемлекеттік оргондарға сұраныс хат жібердік. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тиісті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеру нәтижесәнде ҚР Сәулет қала құрылысы қызметі туралы заң талаптарын бұзып, құрылыс жұмысын жүргізген тұлғалар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қаралатын болады.

 

Дау болған бұл жер қазір қалалық құрылыс басқармасына тиесілі көрінеді. Құрылыс басқармасындағылар болса, бұл аумақтан бас тартуға өткен жылдың күзінде шешім қабылдадық дейді.

 

Шәміл Аманқұлов, қалалық құрылыс басқармасы тұрғын үй бөлімінің бас маманы:

 

&ndash Негізі «Шымкент ситидегі» бірінші орамның жері құрылыс басқармасының меншігінде еді. Өткен жылы қараша айында Шымкент қалалық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының меншігіне беру туралы Жер қатынастары басқармасына бас тарту хатын жазып бердік. Қазіргі таңда аталған жер телімі Шымкент қалалық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының меншігінде.

 

Әзірге жер телімінің нақты иесі болмаса да, мердігер мекеме жұмысты бастап кеткен.

 

Ал қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы алдағы уақытта құрылыс барысының қаншалықты заңды екенін хабарлайтынын жеткізді.

 

 

 




Көрілген: 1483    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 01:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31