Мәселе

Шымкенттен риддерге гуманитарлық көмек тиелген 2 жүк көлігі аттанды

  • zakon.kz

    zakon.kz

Бүгін Шымкентте "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы аясында өрттен зардап шеккен Риддер қаласы Лесхоз кентінің тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген 2 көлік жолға шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Қала жастарының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты.

 

 

Шара барысында сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан белсенді жастарға алғысын білдіріп, аттанатын жол керуеніне сәттілік тіледі.

 

Жастардың белсенділігі, елдің ынтымағы, ауызбіршілігі жайбарақат кезде емес, осындай елдің басына қиындық түскен кезде көрінеді. Қала жастары бірігіп, Риддердегі жерлестерімізге көмектесіп, халық арасында үндеу тастап, 2 жүк көлігімен гуманитарлық көш-керуенді жасақтаған екен. Бұған қаламыздағы кәсіпкерлер де үлес қосты. Олар зардап шеккен отбасыларына қажетті тұрмыстық заттарды жіберіп жатыр. Мемлекеттіліктің мәнін түсініп, игі іске атсалысқан барша азаматтарға, қала жастарына шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлының атынан зор алғыс айтамыз, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

 

 

Сондай-ақ ізгі шараға қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков, құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов және Мұрат Жолдықожаев, Асқар Әлімбеков, Нұрсұлтан Балабиев сынды азаматтар белсенді қолдау көрсеткен. Мұнан бөлек "Бал Текстиль" 50 кілем жеткізсе, бірқатар кәсіпкер азаматтар зардап шеккен отбасыларға азық-түлікпен қатар қысқа толқынды пеш, ыдыс-аяқ жіберген.

 

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету алдағы уақытта да жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1048    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 19:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30