Мәселе

Шымкенттік отбасы астан уланбаған - Санэпидемиолог

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Ажал астан емес! Шымкентте уланған отбасы тұтынған тағамдарды тексерген санэпидемиологтар осындай тұжырымға келіп отыр. Үйдегі азық-түлік, тоңазытқыштағы тағамдар мен тіпті дүкендегі тұшпарасы бар, жалпы 30 түрлі затты зерттеген мамандар бірде-бір зиянды зат анықтай алмады.


Алмат Қосалиев, Шымкент қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:


- Тұшпарадан бір зиянды нормаға келмейтін гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін зиянды нәрселер анықталған жоқ. Көміртек оксидтерінің уытты әсерлері деген ол, жаңағыдай, газдың әсерінен болған улану деген сөз. Және де бізде сотмедициналық сараптаманың қортындысын алдық. Ол жерде де «белгісіз затпен жедел улану» дейді.


Тұтас отбасының улануына қатысты нақты қортынды шықпаса да, мамандар бұған газ себепкер екеніне сенімді. Десе де, пәтер ішіндегі ауадан «зиянды металл анықталған жоқ» дейді. Ал уланған отбасына сапалы әрі дер кезінде көмек көрсетпеді деген арызбен бойынша Шымкенттің төрт медицина ұйымы тексеріліп жатыр. Орынбаев клиникасының жекеменшік жедел жәрдемі мен токсикология бөлімі, жұқпалы аурулар ауруханасы мен 8-ші емханаға қатысты нақты қортынды екі аптадан соң айтылмақ.


Қарашаның 3-інде белгісіз заттан уланған отбасының 3 жасар және 10 айлық сәбидері шетінеген болатын. Өздері аман қалған ата-анасы дәрігерлерді дер кезінде көмектеспеді деп айыптаған-ды.


 ktk.kz




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

сенбі, 09.11.2019, 09:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30