Шымкенттіктер көлік доңғалағын жуып жүрген 6 жасар баланы іздеп жатыр (видео)

12 наурыз 2022, 13:50

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды.

Шымкентте 6 жасар бала базарда көлік доңғалағын жуып табыс тауып жүр, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеода бала әкесі қайтыс болғанын, анасына көмектесіп жүргенін айтады. Жаны ашыған жұрт оған тілегін жаудырып, түрлі пікір білдірді.

"Жұмыс істеп жүр екен, еңбекқор болады. Өзі еңбек етіп тапқан ақшасының қадірін біліп өседі", "Қарғам-ау, аман бол! Үлкен азамат бол!", "Талабы таудай болсын! Ақылдым сол! Нағыз тектінің баласы осындай болар!",  — деп жазды желі қолданушылары.


Оның отбасына көмектесуге ниет білдіріп отырғандар да бар.