Мәселе

Шындықты білген күйеуі асылып қалған: Жамбыл облысында мектеп мұғалімдері көңілдес болған

  • Шындықты білген күйеуі асылып қалған: Жамбыл облысында мектеп мұғалімдері көңілдес болған

    Шындықты білген күйеуі асылып қалған: Жамбыл облысында мектеп мұғалімдері көңілдес болған

Жамбыл облысы, Жуалы ауданында әйелі көзіне шөп салған жігіт асылып қалды. Ауылдағы мектепте күйеуімен бірге еңбек ететін келіншек сол оқу ордасы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен жақын қарым-қатынаста болған. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме беріп  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Есен Чувашов 2013 жылы үйленген. Ол ауылдағы мектепте электрик болып еңбек еткен екен. Жары да, анасы да сол оқу ошағында жұмыс істейді.

 
"Сол мектептің ішінде болған іс. Мен сағат 11:30-12-де сабағым бітеді, қайтамын. Балам сағат бірде түскі асқа кетеді. Түскі 1 мен 3 арасында оны кабинетіне шақырып, кабинетінде болып отырған тірлік. Сөйтсем бұл екеуінің жазып жүрген хаттар бәрін үйдегі дәу компьютер бар еді, одан алып ноутбукке сақтап қойыпты ғой, өшіріп тасталмаған ғой", – дейді марқұмның анасы Меруерт Көпбаева.

Ұстаздар арасындағы қарым-қатынас жайлы белгілі болған соң бұл отбасының шаңырағы шайқалып, екі жас ажырасып кеткен. Алайда бір ауылда, бір ұжымда жұмыс істегендіктен Есен әйелінің ерсі қылығын ұмыта алмаған. Осыдан бір ай бұрын ол күйіктен үйінің ауласында өсіп тұрған ағашқа асылып қалыпты.

"Адамымыздан айырылдық осындай тірліктің арқасында. Бұл білім ордасы емес, бұл мектеп жын-шайтан, жын-ойнақ болды. Артында екі ұрпағы қалды, қызы мен баласы", – дейді марқұмның ағасы Сәбит Чувашов.

Ал нәпсілерін тия алмай, аты шыққан қос педагог болса әлі де мектепте еңбек етіп жүр екен. Ардан аттаған олардың бұл әрекеттері ауылдастарының шымбайына қатты батқан. Көпшілік олардың жұмыстан шығарылып, ауылдан кетуін талап етіп отыр. Ондай болмаған жағдайда жаңа оқу жылында балаларды мектепке жібермейміз дейді.

"Келінімен істеген адам кейін кім білсін ауылдың қыздарына да тиюі мүмкін. Мектептен кетсін десе кетсін мектептен, егер ұяты болса. Ақыр ағайыннан кетіп отыр, ауылдан да кетсін", – дейді ауыл тұрғыны Несіпкүл Қалқабаева.

Мектеп басшылығы болса ұстаздарды жұмыстан шығаруға заңды негіз жоқ дейді. Дегенмен, директордың орынбасары өз лауазымынын бас тартыпты. Алайда қарапайым мұғалім болып жұмысын жалғастыра бермекші. Ол туралы арнайы жиналыста айтқан екен.

"Келіннің шешесі, Меруерт әпкей, оқу ісі жөніндегі орынбасары бәріміз бардық, зиялы қауым болды, бітімгершілікке шақырып едік, бітімгершілікке келмеді, кешірім болмады. Мен кетпеймін деді, математика пәнінің мұғалімі - келіні де мектептен кетпеймін, жұмыс істеймін деп отыр", – дейді Амангелді орта мектебінің директоры Айгүл Имашева.

Мектеп қабырғасында ерсі әрекетке барды деп айыпталып отырған педагогтармен тілдесу мүмкін болмаған. Екеуі де телефон қоңырауына жауап бермепті. Алайда олармен араласып жүрген кей ауыл тұрғындары қос ұстаз да өздерін айыптымыз деп санамайтындындарын айтады.




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 12:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30