Мәселе

Шыңжаңдық дүнген Қордайдағы қақтығыс жайлы...

  • https://qamshy.kz/

    https://qamshy.kz/

7 ақпанда Жамбыл облысындағы Қордай ауданы тұрғындары арасында қақтығыс болып, салдарынан 10 адам қаза тапты.

 

О баста этникалық дүнгендердің "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған. Бұның ақыры жаппай төбелеске ұласты. Әлеуметтік желіде шыңжаңдық дүнгеннің осы оқиғаға өкініш білдіріп, Қазақстандағы дүнгендерге арнаған аудиоүндеуі таралуда. Бауырластарының әрекетін айыптаған шыңжаңдық дүнген хатының мазмұны төмендегідей.

 

Ассалаумағалейкүм! Жақында Қазақстанның Қордай ауданына қарасты Масаншы кентінде болған оқиғаға қатты қынжылдым. Мен бұл жағдайды естігенде шыңжаңдық дүнген азаматы ретінде қатты ренжідім. Ең әуелі Масаншы кентінің тұрғындары сендер мұсылман бола тұра, бірінші болып шатақ бастап, қазақтарды сабапсыңдар. Тіпті 70 жастан асқан қартты да аямай таяққа жығыпсыңдар. Ол аздай сақшылардың жағасына жармасып, құқық қорғаушыларға және 40-тан астам қазақ азаматқа оқ атқандарың қай қылықтарың? Осы адамшылық па? Мен шыңжаңдық мұсылман, шыңжаңдық дүнген азаматы ретінде бұл оқиғаға қатты таңғалдым. Қазақ та мұсылман ғой. Бауырлас, дос халық қой. Екі дүниенің сардары Мұхаммед (с.ғ.с.) "мұсылман мен мұсылман төбелессе, сабаған адам да, таяқ жеген адам да, өлтірген немесе өлген адам да тозаққа кіреді" демеп пе еді?! Сендер осы хадисті білмейсіңдер ме? Сол күні дүнген жастары сақшылардың жағасына жармасып, оларды ұрып жүрген кезде, қасында ақ кепеш киіп қарап тұрғандарды көріп қаным басыма шапты. Неге ажыратпайсыңдар? Неге ақыл айтпайсыңдар? Масаншы кентінің Ахүндары (моллалары) сақалдарың ұзын болғанымен, осыған ақылдарың жетпеді ме? Құранда "Жер бетінде өз төңіректеріңде туған жамандықты көре тұра тоспасаңдар, Алланың қарғысына ұшырайсыңдар" делінген жоқ па?! Сақалдарың сонша ұзын болса да, жастарға неге дұрыстап тәрбие бермейсіңдер?

 

"Бір қарын майды бір құмалақ шірітті" деген осы ғой. Мен қатты қиналып тұрмын. Қазақ та, дүнген де мұсылман ғой. Мұсылман мұсылманды сабаған деген ұят нәрсе. Қырғызстанға қашып кеткен дүнген бауырлар, енді естеріңді жиыңдар, істі ушықтырмаңдар. Қазақ та Құдайға құлшылық қылған халық. Мұсылманды мұсылман өлтірсе, екеуі де тозақтың отына түседі. Осыны ұмытпаңдар. Тағы бір ерекше айтар іс – Масаншы кентінің тұрғындары, қазақ жерінде өмір сүргендеріңе 100 жылдан асты. Қазақтың суын ішіп, асын жеп отырып айтқан рахметтерің осы ма? Керісінше, оларды сабап, күн көрсетпейсіңдер. Осы адамшылықтарың ба? Біздің бабалар осылай тәрбие берді ме? Мен Масаншы кентінің Ахұндарының бірнешеуімен сөйлестім. Сендер қазақ тілін құлақтарыңа да қыстырмайсыңдар. Сол елде өмір сүргелі 100 жылдан асса да, қазақ тілін үйренбепсіңдер. Орыстың, басқа ұлттың тілін үйреніп өздеріңе қамқор болған қазақтың тілін ғана үйренбейтіндерің қалай? Сендер, әсілі, қазақ ұлтының артықшылығын үйренулеріңіз керек еді. Енді осы оқиғадан сабақ алыңдар, екінші бұл іс қайталанбасын! Шыңжаңдық мұсылман, шыңжаңдық дүнген азаматы ретінде сендерге мынаны ескертемін: Егер Құдайға сенсеңдер, дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! Бұл – сендердің қателіктерің! Сендер дүнгеннің бетін жер қылдыңдар! Сендердің надандықпен істеген істеріңді бір Алла өзі кешірсін! Ассалаумағалейкум!

 

qamshy.kz




Көрілген: 905    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 15:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31